2023 жылдың 6 қаңтары күні қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп – лицейінде бастауыш класс мұғалімдеріне педагогикалық шебер кластың 2-отырысы өткізілді. Шебер класс жетекшілері Есеева Тамара Нарымбековна «Оқу үдерісінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудың әдіс - тәсілдері», Қожабек Мейрамгүл Шаймарданқызы «Бастауыш сыныпта пәндерді оқытуда белсенді әдістерді қолдану» тақырыптарында бастауыш класс мұғалімдерімен тәжірибе бөлісті. Шебер класс отырысына қала мектептерінің бастауыш класс мұғалімдері қатысты. Шебер класс жұмысы Қ. Сәтбаев атындағы мектеп –лицейінің директоры Уразалина Айжан Дәулетовна , директордың оқу – тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бисенова Гулжанат Нугметовнаның кіріспе сөздерімен басталды.Практикалық бөлімінде тиімді әдіс-тәсілдерді сабақ барысында қолданудың жолдарымен таныстырды. Отырыс соңында шебер класс жұмыстары қорытындыланып, қатысушылар жылы лебіздерін білдірді.