2023 жылдың 5 қаңтар күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибе орталығының жоспары бойынша Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейдің физика пәні мұғалімі М.Т.Турганбаеваның «Физикадан күрделілігі жоғарыесептерді шығару жолдары» тақырыбындағы шебер класының екінші отырысы Zoom платформасы арқылы онлайн режимінде өтті. Мақсаты : «Ұбт –да кинематика тарауына берілген графиктік есептерді шешудің тиімді тәсілдерін көрсету. Жас мамандардың кәсіби шеңберін кеңейту, кәсіби іс-әрекеті барысында пайда болатын қиындықтарды шешу дағдыларын дамыту, тақырыптық іс-тәжірибе алмасу. Жұмыс барысында шебер класс мүшелерімен топтық жұмыстар жүргізіліп топ мүшелері белсене қатысты.
Шебер класқа Шалқар,Мұғалжар, Ойыл, Хобда, Ырғыз, Әйтеке би аудандарынан және қала мектептері физика пәнінің жас мамандары қатысты.
https://satbaev-licei.edu.kz/ylymi-distemelik-derisi/ozy-t-zhiribe-orta-azyna/924-fizikadan-k-rdeliligi-zho-aryesepterdi-shy-aru-zholdary-2.html#sigFreeIde8f3be7a11