2023 жылы 4-қаңтар күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінде онлайн форматта бастауыш сынып мұғалімдеріне педагогикалық шеберхананың 2-отырысы «ZOOM» платформасы арқылы өтті.Шеберхана жетекшілері:Қыстаубаева Дамежан Мырзағалиқызы «Нәтижеге жету үшін мақсатты қалай дұрыс қоюға болады?», Есубаева Гульмира Уринбасаровнаның «Тіл сабақтарын оқытудағы креативтік әдіс-тәсілдер» тақырыптарында бастауыш сынып мұғалімдерімен тәжірибе бөлісті.
Шеберхана отырысына облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Отырыс жұмысы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері,ф.ғ.магистрі С.О.Жубаева мен Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Н.Бисенованың кіріспе сөздерімен басталды. Практикалық бөлімінде «Квест» ойыны, «Қиын» сөздер аукционы, «Данышпан үкілер», «Ысқыру диктанты», «Сұрақ-жауапқа құрылған хат», «Орынсыз жауаптар», «Коллаж әңгіме», «Жедел жауап» тағы басқа әдістерді сабақ барысында пайдаланудың жолдарымен таныстырды. Отырыс соңында, шеберхана жұмыстары қорытындылап, қатысушылар жылы лебіздерін білдірді.
https://satbaev-licei.edu.kz/ylymi-distemelik-derisi/ozy-t-zhiribe-orta-azyna/923-n-tizhege-zhetu-shin-ma-satty-alaj-d-rys-oyu-a-bolady.html#sigFreeId50df16a949