2022 жылдың 2 қараша күні Ақтөбе қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сай Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінде "Танымдық белсінділікті арттыруда сын тұрғысынан ойлауға үйретудің тиімді элементтерін пайдалану" тақырыбында қалалық семинар өтті. Мақсаты: Таным мен белсенділікті арттыруда сын тұрғысынан ойлау оқу мен жазуда тиімді педагогикалық әдіс екенін түсіндіру, білімдерін жетілдіру, жаңа тәсілдерді сабақта қолдануға мүмкіндік беру,топтық жұмыс орындату арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, тәжірибемен алмасу. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы табысты оқуға қол жеткізу. Семинар "Әдістемелік кабинет " әдіскері Д.Т.Габдрашеваның кіріспе сөзімен басталды. Тақырыпқа сай қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері өз іс тәжірибелерімен бөлісті. Семинар қатысушыларымен тапсырмалар орындалып, кері байланыс орнатылып, қорытындыланды.