2022 жылы 1 қараша күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінде офлайн форматта бастауыш сынып мұғалімдеріне педагогикалық шеберхананың 1-отырысы өтті. Шеберхана жетекшілері: Қыстаубаева Дамежан Мырзағалиқызы «Сабақты даярлау мен оған дайындалу кезеңдері», Есубаева Гульмира Уринбасаровна «Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық-креативті қабілеттерін дамытудағы жаңа амалдар» тақырыптарында бастауыш сынып мұғалімдерімен тәжірибе бөлісті. Шеберхана отырысына облыс мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Отырыс жұмысы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері,ф.ғ.магистрі С.О.Жубаева мен Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің директоры Уразалина Айжан Даулетовна, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бисенова Гулжанат Нугметовнаның кіріспе сөздерімен басталды.Практикалық бөлімінде қызықты да тиімді әдістерді сабақ барысында пайдаланудың жолдарымен таныстырды.
Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сабақты даярлау мен оған дайындалу кезеңдері