2022 жылдың 14 мамыр күні Новый орта мектеп -лицейінде ҚР "Үздік педагог"атағының иегері Д.М.Қыстаубаеваның "Функционалды сауаттылықты топтық жұмыста жүзеге асырудың жолдары" тақырыбында шебер класс болып өтті. Отырысқа облыс мектептерінен 30-дан аса бастауыш класс мұғалімдері қатысты. Шебер класс отырысының жұмысын Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері,ф.ғ. магистрі С.О.Жубаева кіріспе сөзімен ашты. Мектеп-Лицейдің бастауыш класс мұғалімдері Г.У.Есубаева,М.Т.Утениязова топтық жұмыс кезінде қолданылатын тиімдіі әдіс -тәсілдер түрлерін қатысушылармен бірге жасап,ой бөлісті. Қорытындылау барысында қатысушылар "Бас,қол,жүрек"әдісі арқылы кері байланыс жасап,өз лебіздерін білдірді.