2022 жылдың 12 мамыр күні Ақтөбе қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сай Новый орта мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі С.Жангабылованың «Жобалап оқыту технологиясының оқушылар мен мұғалімдерге тиімділігі» тақырыбында кезекті шебер класс отырысы ZOOM платформасы арқылы өтті. Аталған педагогикалық шебер класқа «Әдістемелік кабинет » КММ әдіскері А. Садыкова мен қала мектептерінің биология пәні мұғалімдері қатысты.
Шебер кластың мақсаты: тұлғаның қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру арқылы қоғамдық ортада өзін –өзі көрсете білуге бейімдеу.
Отырыста Новый орта мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі А.С. Кулдыкова «Жасыл мектебім-жасыл мекенім», биология пәні мұғалімі Татаманова Г.Б. «Оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға-мұғалім» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы жаңа ғылыми ізденіске жетелейтін жобалау технологиясының негізі екенін дәлелдей түсті.
Шебер класқа қала мектептерінің биология пәні мұғалімдері қатысып, соңында мектеп психологы Мулдагазина М.Е. қатысушылармен кері байланыс орнатып, қорытындылады.
https://satbaev-licei.edu.kz/ylymi-distemelik-derisi/ozy-t-zhiribe-orta-azyna/915-o-ushy-zhetistikterin-ristetudegi-negizgi-t-l-a-m-alim.html#sigFreeId2830c3e02c