"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша тарих пәнін оқытуда тиімді әдіс- тәсілдерді пайдалану

2022 жылдың 28 сәуір күні Ақтөбе қалалық білім бөлімі Әдістемелік кабинеті мен Новый орта мектеп-лицейінде жоспарға сәйкес  тарих пәнінің  мұғалімі Г.Мамырованың «Жаңартылған білім беру мазмұны  бойынша тарих пәнін оқытуда тиімді әдіс- тәсілдерді пайдалану» тақырыбындағы шебер класының отырысы өтті.Шебер класс отырысына қала мектептерінің тарих пәні мұғалімдері мен Новый орта мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімдері қатысты. Шебер класс отырысы қалалық білім бөлімі Әдістемелік кабинетінің әдіскері Н.Жалгасбаевтың алғы сөзімен басталды. Отырыс қатысушыларын бір-бірімен таныстыру мақсатында мектеп психологы А.Сұлташев «Өз портретім» тақырыбындағы психологиялық тренинг өткізді. Шебер класс отырысында Г.Мамырова «Тарих сабақтарында әдіс-тәсілдерді пайдалану» тақырыбында коучинг өткізіп, «Тарих сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданудың тиімділігі» тақырыбында пікір алмасуды ұйымдастырды. Коучингті барысында күнделікті сабақ жоспарын дайындауда мақсатқа байланысты әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарының  маңыздылығы айтылды, сабақтағы әдіс-тәсілдерді пайдалану арқылы оқушылардың  қазiргi өмiрде маңызды дағдыларды игеруге мүмкiндiк туғызу жолдары мен туындаған проблемаларды шеше алатын, өзiнiң көзқарасын дәлелдей білетін, өзіндік ұстанымы бар тұлға қалыптастыру жөнінде жетекші тәжірибесінен үзінділер көрсетілді.

«Тарих сабақтарында ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолданудың тиімділігі» бөлімінде заманауи ақпарат құралдарын пайдалану арқылы мұғалім  жұмысын әлеуметтендіруге арналған педагогикалық тәсілдер көрсетіліп, әдіс-тәсілдерге қойылатын талаптар, сабақтарды түрлендіретін әдіс-тәсілдер тізбесі және оларды түрлендіру жолдары ерекшеленіп көрсетілді. Отырыс соңында қатысушылармен «Mentimetr» қызметі арқылы рефлексия өткізілді.