2022 жылдың 20 сәуір күні Ақтөбе қалалық білім бөлімі Әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес Новый орта мектеп-лицейінде биология пәнінің мұғалімі Ж.Кукенов «Генетикалық есептерді шешу 9-11 сынып» тақырыбында шеберлік сағатын өткізді. Шеберлік сағатының мақсаты тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің материалдық негіздері туралы білімдерді жалпылау, әртүрлі типтегі генетикалық есептерді шешу әдістемесі бойынша іс-тәжірибесімен бөлісу, есептерді шешуге қажетті символдар мен терминологияны дамыту бойынша пікір алмасу болды.
Шеберлік сағатқа қалалық білім беру ұйымдарының 23 биология пәнінің мұғалімдері қатысты.
Шеберлік сағат әдістемелік кабинет әдіскері А. Садыкова мен Новый орта мектеп-лицейі директоры А. Кисикованың кіріспе сөзімен басталды. Теориялық бөлімде «Белгілердің тұқым қуалау заңдылықтары» туралы жалпы мағлұмат берілді. Практикалық бөлімінде «Генетикалық есептерді шешу және талдау» тақырыбындағы 9-11 сыныптарында өтетін «Тұқымқаулаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары» бөліміндегі күрделі есептерді тиімді әдістер арқылы шығару жолыдары қарастырылды. Отырыс соңында, шеберлік сағаты жұмысы қорытындыланып, қатысушылармен кері байланыс ұйымдастырылды.
https://satbaev-licei.edu.kz/ylymi-distemelik-derisi/ozy-t-zhiribe-orta-azyna/913-t-ym-aulaushyly-pen-zgergishtik-za-dyly-tary.html#sigFreeId9bf9c4cfc3