2022 жылдың 29 наурыз күні Ақтөбе қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сай Новый орта мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі С.Жангабылованың «Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту» тақырыбында кезекті шебер класс отырысы ZOOM платформасы арқылы өтті.
Шебер кластың мақсаты – Жаhандану, ақпараттандыру, жаңа ғылыми жаңалықтардың үдеуі, білімдердің тез жаңаруы, оқушылардың болашақтағы кәсіби шеберлігі мен өмір бойы білім алуына жол ашады.
Отырыста «Оқушылардың жаратылыстану сауаттылығын дамыту жұмыстары» тақырыбында С.Т. Жангабылова, №1 ОМ биология пәні мұғалімі Т.Б.Күшекбаева «Биология сабағын оқытуда қосымша құрал ретінде онлайн платформаларды пайдалану» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шебер класқа қала мектептерінің биология пәні мұғалімдері қатысып, соңында қатысушылармен кері байланыс орнатылып, қорытындыланды.