2022 жылдың 2 ақпан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Новый орта мектеп-лицейінің бастауыш класс мұғалімі Д.Қыстаубаеваның «Қазақ тілі сабағында оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруда қолданатын әдістер» тақырыбында педагогикалық шебер класс отырысы болып өтті. Шебер класқа отырысына облыс және қала мектептерінен бастауыш класс мұғалімдері қатысты.
Шебер кластың мақсаты оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мұғалімдерінің іс-тәжірбиелерімен бөлісу, оқушылардың ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес келуі үшін алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алу аясын кеңейтіп, соған ықпал ету және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау болды. Отырыс аясында оқушылардың оқу сауаттылығын арттырудың түрлі әдіс-тәсілдері көрсетілді. «Монофон», «Уақыт сызығы», «Сұраққа жетіп ал» т.б әдістерімен ұйымдастырылған тапсырмаларды орындап, бірлесе жұмыс жасады. «Кері байланыс сэндвичі» арқылы кері байланыс жасалды.