2021 жылдың 25 желтоқсан күні Новый орта мектеп-лицейінде Ақтөбе қалалық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес мектеп-лицейіміздің бастауыш класс мұғалімі З.Б.Кушекбаева « Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық-креативті қабілеттерін дамытудағы жаңа амалдар » тақырыбында қалалық шебер класс өткізді. Шебер класс мақсаты –коммуникативті дағдыны жүйелі түрде қолдана отырып, оның тиімділігіне көз жеткізу және педагогтардың тәжірибесімен бөлісу. Аталған шараға қала мектептерінен мұғалімдер қатысты. Шеберлік сағаты соңында жоспарланған жұмыстар қорытындыланып,қатысушылар өз лебіздерін білдірді.