"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Бастауыш кластарда оқу мен оқытудың тиімді әдістерін ұйымдастыру

2021 жылдың 25 желтоқсан күні  Новый орта мектеп-лицейінде Ақтөбе облыстық ғылыми- тәжірибелік орталығының  жоспарына сәйкес бастауыш класс мұғалімдеріне арналған «Бастауыш кластарда  оқу мен оқытудың тиімді әдістерін ұйымдастыру»  тақырыбында  шебер класс болып өтті. Аталған шараға  облыс мектептерінен бастауыш  класс мұғалімдері қатысты. Шеберлік сағатын мектебіміздің 2021 жылы Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасының иегері, бастауыш класс  мұғалімі  Ж.Б.Хабибуллина жүргізді. Тәжірибе алмасу барысында  мұғалімдер  білік пен шеберлік дағдысын дамыту, педагогтың әдіснамалық, ғылыми-әдістемелік мәдениетін арттыру , ғылымның әр саласының білімдерін кіріктіре алу білігі жөніндегі сұрақтармен ой бөлісті. Шеберлік сағаты  соңында көрсетілген жұмыстар қорытындыланып,қатысушылар  өз лебізін білдірді.