"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Кітапхана қызметіне жаңа технологияларды пайдалану

2021 жылдың 25 наурыз күні Ақтөбе қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сәйкес Новый орта мектеп-лицейі кітапханашысы М.Досмаганбетова «Кітапхана қызметіне жаңа технологияларды пайдалану» атты тақырыбында қалалық семинарды ZOOM  платформасы арқылы өткізді. Семинарға мектеп директоры А.Кисикова, «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері А.Бакешова және қала мектептерінің кітапханашылары қатысты. ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаев ұсынған 30 кітап бойынша «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт»  таныстырылымы бойынша мектеп директоры А.Кисикова таныстырып, мектептегі жүргізіліп жатқан жобаларға тоқталып өтті.  М.Досмаганбетова ҚР Президенті Қ.Ж. Тоқаев ұсынған 30 кітап бойынша «Оқитын мектеп – оқитын ел» тақырыбында көркем әдебиеттермен таныстырып өтті. Осы жоба негізінде оқушыларды кітап оқуға шақырумен қатар бос уақыттарында аудиошығармалар тыңдау мақсатында аудиошығармалармен мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.У.Қунирбаева таныстырып, мектеп психологы М.Е.Мулдагазина, кітапханашылармен «Сергіту сәтін» ұйымдастырды. Семинар соңында рефлексия кезеңінде  бүгінгі күнгі айтылған келелі мәселелер айналасында пікірталас жүргізді,  қатысушылар тыңдалған жұмыстарға кері байланыс берді. «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері А.Бакешова мектеп басшысына, семинарды ұйымдастырушыларға  алғыс білдірді.