Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп - лицейі
Тақырыбы:
“Сенім - менің серігім ”
Профилактикалық сабақ
Өткізген: педагог-психолог Өмірзақова А.Е
Қатысқандар: 9 “в” сынып
Уақыты: 31.03.2023
Мақсаты:
- Оқушылардың сенімділігін, мінез-құлықын, эмоциялық ерік сфера дағдысын психологиялық тұрғыда қалыптастыру. Өз-өзіне сенімін арттыру.
- Мақсатқа жетудегі үміт пен сенімділікті ояту. Сенімділік туралы білімдерін жаттығулар арқылы нығайту.
- Оқушыларды үнемі ақжарқын, көңілді, мейірімді болуға және әркім өз тағдырына жауапты екенін айта отырып, өмір заңдылықтарына төзімді, шыдамды етіп тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд , ұлағатты сөздер.
- Өз күшіңді сезінудің өзі күш береді. Л.Вовенарг.
- Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Еңбегің мен ақылың екі жақтап. Абай
- Үрей атаулының бәрін білім жеңеді.
Сабақ әдісі: әңгімелесу, талдау, ой толғау, сұрау, пікір алмасу.
Түрі: тренинг
Тренинг құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Негізгі бөлім.
1. «Тілек ағашы»
2. «Сіздің көңіл – күйіңіздің түсі қандай?» жаттығуы
3. «Мен саған сенемін жаттығуы» жаттығуы.
4. «Қолтырауын» жаттығуы.
5. Қызықты сұрақтар
III. Қорытынды
Тренингтің жүру барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі / амандасу, тренингке қатысуға келгендерге алғыс айту/
Күлімдеп күн бүгін, (қолдарын көтереді)
Қарады маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды)
Күлімдеп күн бүгін,
Қарады саған да. (қолдарын көршісінің кеудесіне қояды)
Шуақпен төгіп нұр.
Күлімдеп күн ертең, (қолдарын көтереді)
Қарайды маған да. (қолдарын кеуделеріне қояды)
Күлімдеп күн ертең,
Қарайды саған да. (қолдарын көршісінің кеудесіне қояды)
Шуақпен төгіп нұр.
ІІ. Негізгі бөлім.
1.«Тілек ағашы» жаттығуы.Қажетті құралдар:әр түрлі түсті шарлар және адамның бойындағы қасиеттер жазылған карточкалар
2.«Сіздің көңіл – күйіңіздің түсі қандай?» жаттығуы
Қатысушыларға табақшада түрлі-түсті конверттер ұсынылады. Әд адам өзіне ұнаған түстегі конвертті алып ашады. Конверттің ішінде әр түстің мінездемесі жазылған.
Көк. Сіз зат пен оқиғаның мәніне жетіп, өзіңізде қалыптасқан пікірді айтады екенсіз. Ешер қажет болса, бұл ойыңызды еш бүкпесіз, тіке айта аласыз. Сонымен бірге күрделі жағдайларда не істеуді білмей абдырап, саспайды екенсіз. Сондықтан да, қиын сіттерде құрбыларыңыз, жостарыңыз сізбен ақылдасасыз.
Көк түс сізге күнделікті шаршап шалдығудан, басыңыздың қатуынан аулақ болуға көмектеседі. Сізге кекшілі бар киім кию де, жатын бөлмеңіздің қабырғасын көкшілмен бояп қоюда ұнауға тиіс.
Жасыл. Сіз аяғыңыздан нық тұрғансыз, әр нәрсеге байыппен қарауыңыз айналаңызда болып жатқан оқиғаларды қалт жібермеуге мүмкіндік береді. Сіз жақынжуықтарыңызға қамқор болып, достарыңызды демеп жүреді екенсіз, сондықтан да сізде достар көп.
Сіз осы жақсы қасиеттеріңізді дамыта түсу үшін жасылы бар қағазды, жасыл түсті сабынды және жасыл түсті иіссуын пайдаланып жүргеніңіз жөн.
Қызыл. Сізге алға ұмтылыс, ізденіс тән. Өміріңізде сіз бір мақсатты алға қойған болсаңыз, сол жолдан таймай алға ұмтылады екенсіз. Бірақ мұндай ұмтылыстың қиын жақтары дабар. Сол үшін қай мақсатты алға қойсаңыз да оның орындалуы мүмкін бе, жоқ па деп ойлап алғаныңыз жөн.
Өйтпесеңіз кей жағдайда қалт басып, сәтсіз қадам жасауыңыз мүмкін.
Өзіңіздің алғырлығыңызды, алға ұмтлғыштығыңызды білдіре жүру үшін киім-кешегіңізде қызыл түсті пайдаланып, тырнағыңызға қызыл түсті лак жаққаныңыз дұрыс.
Сары. Сіздің өзіңізде күн сәулесісіз. Барлық жандармен тамаша қатынаста жүресіз. Сіздің жүрісіңізде күлкі, жылы қабақ жұртты сізге магниттей тартады. Құрбыларыңызға сан жетпейді. Жұмыс орнында бастығыңыз сіздібағалайды, ал сіз әріптестеріңізбен айқай-шуға бармай, жақсы қатынас орнатып жүресіз. Көп жан сіздің досыңызды пайдалануға тырысады. Бірақ сіз іштей оларға деген өкпеңізді «ренжітіп алам» деп айтпай жүресіз. Әркімде нашар көңіл-күй болатынын білетін кезіңіз жеткен сияқты. Сондықтан да өз проблемаңызбен бөлісіп, жүрегіңізге түскен ауыыртпалықты жеңілдеткеніңіз абзал.
Ашық сары түсті көйлек кисеңіз, үйде сары түсті орамал, сары бар ыдыс-аяқ көңіл-күйіңізді көтере түспек.
Ашық көк. Басқалардың қажетіне қарай білуге талпынады. Ол адамға ізденгіштік, еңбекқорлық тән, ақылы мол.
Қызғылт сары. Әнді жиірек тыңдағанды ұнатады және ол адамдар жанын жадырататын күндерді аңсайды екен.
Көгілдір. Бұл адамдар ұйықтар алдында бүгін қанша адамды күлдіргенін, ренжіткенін естеріне алып, жасаған іс-әрекеттерінің барлығына талдау жасап, қатесін мойындап отырады екен.
3. «Мен саған сенемін» жаттығуы
Екі-екіден жұпқа бөлініңіздер. Бір-біріңізге қарама-қарсы отырыңыздар. Шамалы уақыт бір-біріңіздің көздеріңізге қарап, үндемей отырыңыздар. Кейін қарама-қарсы отырған екі адам бір-біріне «Мен саған сенемін, себебі сен…..» деп оқушының бойындағы сенімді ететін қасиеттерін айтасыздар.
4. «Қолтырауын» жаттығуы
«Қолтырауын» ойыны және оның ережелері сәл өзгеше, сондықтан ойын барысында ешқандай дау-дамай болмас үшін қолданыстағы ережелерді оқып, қабылдау керек.
- Ойыншы сөзді тек мимика, ым, қозғалыс арқылы көрсетеді.
- Сөздерді (кез келген, тіпті «иә», «жоқ» және т. сиыр болжалды).
- Айналаңызда жасырылған сөзі бар заттарды көрсетпеу (ойыншылардың қалауы бойынша) ұсынылады.
- Сөзді немесе сөздер тобын көрсету үшін (жарысқа байланысты) белгілі бір уақыт беріледі. Егер дұрыс жауап осы кезеңнің соңына дейін тыңдалмаса, онда сөз болжалмаған болып саналады
5.Қызықты сұрақтар
Қорытынды:
Қымбатты оқушылар! Бүгінгі күнімізді сүйіспеншілікпен қарсы алып сабағымызды бастаған болатынбыз. Ал, енді әдемі күлкімізбен, нық сенімділік арқылы сабағымызды аяқтайық