Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп—лицейі
2023-2024оқу жылы
Анықтама
Өткізілген жұмыс түрі: «Менің атым… Мен өзімді сүйемін, себебі…»
Қатысушылар: 1«Г» сынып оқушылары
Мерзімі: 7.09. 2023 жыл
Мақсаты: Топтағы қатысушылардың аттарын еске түсіріп, қалпына келтіру және жұмыс атмосферасын құру.
Барысы: Жаттығу шеңберде өткізіледі. Әрқасысы кезек-кезек екі сөз тіркестерін «Менің атым…» және » Мен өзімді сүйемін, себебі…» деп айтады. Сіздердің тілектеріңіз жөнінде даулар және талқылауға көңіл бөлінбейді. Жай ғана оларды кезекпен, әділ және тез айтамыз.
Қорытынды: Оқушылар бұл тренинг арқылы бір- біріне жағымды көңіл- күй сыйлап қана қоймай, сынып ішінде жақсы қарым- қатынас орнатуға ықпалын тигізді. Оқушылар тренингке белсене атсалысып, қызығушылық танытты. Өздерінің қандай жақсы қасиеттері бар екендігін баяндады.Оқушылар өздерін түрлі сөздермен сипаттады.Ханшайым,батыр ,алғыр,ақылды,қамқоршы,адал,
әдемі т.б сөздер арқылы өздерін не себепті сүйетіндігін айтты.