"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Ашу-ызаны игерудің жолдары

Ашу-ызаны игерудің жолдары

 

 

  1. Уақытты созуға тырысып, онға дейін санаңыз.
  2. Ашуыңызды келтірген адамнан алшақтай түсуге тырысыңыз. Сізді уақыт қана емес, ара қашықтық та емдейді. Жаяу жүріп, жаттығу жасаңыз. Қозғалыс та көмегін тигізеді.
  3. Егер ешнәрсені өзгерту мүмкін болмаса, сол қалпында қалдырыңыз.
  4. Мәселені келте қайырып, шешуден аулақ болыңыз. Даулы мәселені шешуде қызбалыққа салынбаңыз.
  5. Тыңдаудан қашпаңыз. Менің қателесуім мүмкін ғой деп, қарсыласыңыздың сөзін байыппен ақырына дейін тыңдауға тырысыңыз.
  6. Сүйіктіңізге ашулансаңыз да оны құшақтап, сезіміңізді ашық сездіруге тырысыңыз. Қаламасаңыз да дәл осылай істеуге дағдыланыңыз.
  7. Қателескеніңізді сезсеңіз, кімнен де болсын арланбай кешірім сұраңыз.
  8. Қандай жағдайда да адамның көзіне тура қараңыз.
  9. Ашу-ызаға жол бердіңіз бе, дереу өз ісіңізге есеп беріп, екі-үш күннің ішінде әрекетіңізден дұрыс қорытынды жасауға тырысыңыз.
  10. Біреуден көмек, ақыл сұрауға арланбаңыз. «Жаяудың шаңы, жалғыздың аты шықпас» деген халық даналығын үнемі есте ұстаңыз.