"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУҒА БЕЙІМДЕЛУІ

БАЛАНЫҢ МЕКТЕПТЕ БІЛІМ АЛУҒА БЕЙІМДЕЛУІ

Ата-анаға кеңес

Бірінші кеңес: ең бастысы, сізге қажетті  – өз балаңызға көбірек  көңіл бөлуіңіз.

Сабырлы болыңыз: оның мектеп жайында әңгімесін тыңдап, нақтылаушы сұрақтар қойыңыз.

  • Есте сақтаңыз: сіз үшін маңызды емес жайттар қызыңыз немесе ұлыңыз үшін күн бойына қатты ойландыратын оқиға болуы мүмкін!
  • Балаңызды мұқият тыңдаңыз: сонда балаға қандай көмегіңіз қажет екенін, мұғаліммен не жайында сөйлесу керектігін, баланы мектеп жанында қалдырғаннан кейінгі оның шынайы жағдайы қандай болатынын  түсінесіз.
  • Оқушыға анасы мен әкесінің назары керек: Үй шаруасымен яки теледидар көрумен немесе компьютермен сөйлесу сәттеріне араластырмай балаға  бөлек уақыт бөліңіз.

Есте сақтаңыз:   бала сіздің махаббатыңызға   өзі мүлде лайық емес кезде мұқтаж болады 

Егер балаңыз  оның барлық іс-әрекетіне, оны ойландыратын жәйттарға сіздің қызығушылығыңызды байқаса,  ол міндетті түрде сіздің қолдауыңызды сезінеді.

 

  • Екінші кеңес: баланың бойындағы оқушы боламын деген талпынысын қолдаңыз, оқуға деген ықыласын мадақтап, дамытыңыз.
  • Мектептегі жағдайға және балаңыздың қамына шынайы қызығушылығыңызды білдіріңіз.
  • Оның жетістіктерін атап, оны мақтап қоюды да ұмытпаңыз.   Оның әрбір жұмысынан  мақтауға тұрарлық нәрсе таба біліңіз.
  • Есте сақтаңыз: «Жарайсың!», «Сен сондай керемет орындадың!» сияқты мақтау мен рухани қолдаулар баланың зияткерлік жетістігін айтарлықтай арттырады.

 

Үшінші кеңес: балаға жаңа өмір тәртібіне енуге көмек беріңіз.

  • Балаңызбен мектептегі тәртіп пен қағидаларды талқылаңыз. Олардың қажеттілігі мен пайдалылығын түсіндіріңіз.
  • Балаңызбен бірге күн тәртібін жасаңыз және оның орындалуын қадағалаңыз.
  • Бірініші сынып оқушысы үшін күн тәртібі аса маңызды. Бала өмірінде одан жинақылықты, тәртіптілікті талап ететін міндеттер пайда болды. Күн тәртібі – еңбек пен демалысты дұрыс үйлестіруге, жаңа өмір жағдайына үйренуге көмек береді. 
  • Есте сақтаңыз:  күн тәртібінде қозғалысы аз әрекет түрлерін белсенді әрекеттермен, зияткерлік және әрекеттің физикалық түрлерін алмастырып отыру қажет.
  • Компьютердегі  ойын мен түрлі бағдарламалар санын азайтуды (сапасына көңіл аударыңыз) қадағалаңыз.

Балаңызбен бірге үй тапсырмасының орындалуы уақытын қадағалаңыз  (бірінші сыныпта оқуды қосқанда -1-1,5 сағат ), Сондай-ақ ұйқы уақытын (толықтай демалыс үшін ұйқы уақыты 9-10 сағат болуы тиіс) бақылаңыз

Күн тәртібін сақтауға дәрігерлер де кеңес береді, себебі, ол бала қозғыштығы мен ашуланшақтығының  бірден-бір емі. Жұмыс істеу қабілеті күн бойына бірдей емес. Гигиенист дәрігерлер жұмыс істеу қабілеттілігінің  арту кезеңі 8-11 аралығы, 16-18 түс қайта, содан соң жұмыс істеу қабілеті күрт төмендейді. Сол үшін үй жұмысын орындауды кешкі уақытқа ысыру жемісті болмайды. 

 

Бала мектепке тек психологиялық тұрғыдан  ғана емес физикалық тұрғыдан да үйрене бастайды. Көптеген балалар бірінші сыныпта алғаш рет танертең  бір уақытта тұру  мәселесіне тап болады. Мектеп уақытымен оқушы 3 -6 сағат белсенді сабақ оқиды. Алты-жеті жаста мұндай ауыртпалық ересек адамның қауырт жұмыс күніне тең. Мектеп басталған уақытта баланың  омыртқа, көру,  есту  нерв жүйесіне түсетін жүктің ауыртпалығы күрт күшейіп кетеді.  

 

Егер сіз бұған дейін күн тәртібін сақтамаған болсаңыз, оны жәйлап енгізуге тырысыңыз. Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз уақытылы және созылмалы ұйқыны қажет етеді. Оқушыға күнделікті бір уақытта ұйықтауға үйренуге көмек беріңіз. Баланы мектептен келе үй тапсырмасын орындауға отырғызбаңыз. Балаға демалып алуға уақыт қажет. Бұл оқу процесі үшін де маңызды.  Демалыс уақытын ми «жаңа білімді керек таяқшаларға енгізу» пайдаланады. Өзімізге  жұмыс күнінен кейін керек  шамалы уақыт тыныштық пен демалыс балаға да керек. Балаңыздың денсаулығына қараңыз , себебі мектепте алғаш білім алудың бірінші айларында күн тәртібіндегі қателіктер бұрынғыдан қарағанда күрделі нәтижесін береді.

Төртінші кеңес:  мектеп шаруалары мен бала қиындықтарына байланысты сабырлы болуға тырысыңыз

  • Бала мектептен келді – оны бірден сұрақ астына алуға асықпаңыз, бойын еркін ұстауға мүмкіндік беріңіз. Егер оның ренжіген күйін байқасаңыз, біраз уақыттан соң сабырлы әңгіме барысында оның ренішіне не себеп болғанын ақырын білуге тырысыңыз. 
  • Есте сақтаңыз: бала үшін бір нәрсені білмеу және жасай алмау қалыпты жағдай. Ол сол үшін де – бала, мұнымен оны жазғыруға болмайды.   Кінәлау баланың  өзін-өзі бағалауын төмендетеді, өзіне сенімділігінен айырады.
  • Сіздің балаңыз мектепке оқу үшін келді. Адам   оқуды бастағанда кейбір нәрселер ойдағыдай бола бермейтіні анық. Баланың қателесуге құқы бар.

Ата-ананың сабырлығы мен сенімділігін көріп бала мектептен қорқудың қажеті жоқ екенін сезінеді.

 

Баланы адамға үйірлігі үшін мақтаңыз,  оның мектептегі жаңа таныстықтары үшін қуанғаныңызды айтып білдіріңіз.

        

  • Балаңызбен құрдастарымен қарым-қатынастың  тәртібі жайлы сөйлесіңіз,  өз балаңыздың өзгелерге  көз тартарлық болып көрінуіне көмек беріңіз.
  • Балаңызды  достарына көрсете алуы үшін  жаңа ойындарға үйретіңіз.
  • Жай ғана шай ішуге балаңыздың сыныптастарын үйіңізге шақырыңыз, ал кішкентай үй иесі қонақ күтуді үйренеді.
  • Балаңыздың мектептегі жолдастарының назарын  қымбат ойыншықтар мен киімдермен сатып алуға тырыспаңыз.  Бұлай балаңыз өзгелерге керек болуды үйрене алмайды.  Мұндай жағдайда қызыңыз немесе ұлыңыз сыныптастарының  тарапынан  қызғаныш пен көре алмаушылық сезімдеріне тап болуы ықтимал.

 

Өзіне сенімді және көпшіл  бала кез-келген жағдайға тез бейімделеді.

Алтыншы кеңес: Өз балаңыздың мектептегі жетістіктеріне байланысты парасатты болуға үйреніңіз:

Балаңызды мектеп күнделігінің қосымшасына айналдырмаңыз.

Әрине мектептегі жетістіктер маңызды. Бірақ, бұл балаңыздың бүкіл өмірі емес.

  • Мектептегі баға — балаға берілген пән бойынша дәл қазіргі уақытқа қойылған баға. Баға баланың жеке басын сипаттай алмайды.
  • Өз балаңызды өзге балалармен салыстырмаңыз.
  • Балаңызды  мектептегі жетістіктері үшін мақтаңыз. Және ешқандай да жақсы баға балаңыздың бақытынан маңызды емес.
  • Баланың алғашқы сәтсіздіктеріне барлық үмітіңіздің өшкеніндей қарамаңыз. 
  •  Баланың алғашқы сәтсіздіктеріне барлық үмітіңіздің өшкеніндей қарамаңыз. 
  •  Есте сақтаңыз: балаңызға сеніміңіз, көмегіңіз бен қолдауыңыз өте қажет.

Жетінші кеңес: балаңызға бірінші сыныптың бірінші жартыжылдығында шамадан тыс ауыртапалық жүктемеуге тырысыңыз.   

  • Баланы мектептен келе үй жұмысын орындауға отырғызудың қажеті жоқ. Оған 2-3 сағат демалуға, егер мүмкін болса оның 1,5 сағат ұйықтап алуына мүмкіндік жасаңыз.
  • Бала үй тапсырмасын орындап жатқанда кедергі жасамаңыз.  Өзі жасағаны абзал. Сіздің міндетіңіз орындау емес көмек беру.
  • Қамтылмағанды қамтуға тырыспаңыз!! Балаларыңызды музыка, шет тілі, жүзу ,  мәнерлі сырғанау, сурет өнері сияқты қосымша үйірмелерге беріп  «зерек» бала жасауға  талпынбаңыз. Мұндай жағдайда бала өз-өзіне иелік ете алмайды, ол үшін басқалар шешім қабылдайды және ол кей кезде баланың өзіндік қызығушылығы, қалауы мен күшіннен тыс болып жатады.
  • Сабақтардың уақыт бойынша және  саны бойынша да тиімді мөлшерін табыңыз.  Мұнда шектен шығу оңай. Ал бұдан қандай нәтиже шықпақ? Мұндай жағдайда бала кейде жаман қылықтарға бой алдырып  барлық нәрсені,  үлкендердің нұсқауымен баратын сабақтарды жек көре бастайды және ешкім  бөгет болмайтын көшеге қашқысы келіп тұрады.

Қарапайым жауап:  оны  мәжбүрлеп немесе күштеп емес  еліктіруге және қызықтыруға тырысыңыз.

  • Мектепке бару баланы ойыннан айырмауы керек: балада  ойын ойнауға жеткілікті уақыт қалуы тиіс.
  • Ұмытпаңыз: тіпті үлкен балалар да ертегі оқып, ұйықтар алдында құшақтап, еркелетіп қайырлы түн айтқаныңызды қалайды.  Мұның бәрі бір күн бойындағы ауыртпалықты жоюға көмек  береді.

Кез-келген балдырғанның мектеп әлеміне жасаған  бірінші қадамын өзі үшін де отбасы үшінде ең қуанышты және сенімді етуге тырысайық!