Ата-аналарға
«Адамға ең бірінші керегі білім емес тәрбие.
Тәрбиесіз
берілген білім-адамзаттың
қас жауы, ол келешекте
оның өміріне опат әкеледі»
Ұлы ғұлама ойшыл Әл-Фараб
«Жемісті тәрбиенің он кілті»
1.Тәрбиеге бейресми түрде қараңыз.
Баламен өткізген уақыттың санына емес,сапасына көңіл аударыңыз.Қазіргі өмір бәріміздің уақытымызды еріксіз әңгімелесу,балалармен байланысудан үнемдеуге үйретті,сондықтан баланың іле-шала қызықты айтып жатқан әңгімесін тыңдай отыра, біз өзіміздің проблемамызды ойлап, терең ойға шомылып отырамыз.Қарым-қатынас жасай алмайтын ата-аналардың балалары өздерін жаман ұстайтындығы және адасқандай сезімде болатындығы ғылыми түрде дәлелденген.Сондықтан,тіпті,теріс көңіл аударудың өзі де/қолдамау,сөз қылу, елемегендіктен және салқындықтан жақсы болады.
2.Аз сөйлеп көп істе. Статистика бекіткен:бір күнде баламызға 2000-ға жуық ақыл-кеңес пен ескерулер береді екенбіз!Сондықтан,балаларымыз-дың «естімейтіндігі» де ғажап емес.Егер сіздің өтінішіңізге қарамастан балаңыз шұлығын теріс аударған күйі лақтыра салса, бір күні сіз де сол қалпында жуып бере салыңыз.Өзі оны жуып, кептірудің өзі мүмкін емес екендігін сезінсін.Іспен көрсеткен,сөзден гөрі дәлірек болады.
3.Балаларға олардың күшті екендігін жариялы түрде сезіндіре біліңіз; әйтпесе олар өздері астыртын тәсілдерін тауып алады;Ол үшін балалармен үнемі кеңесу керек,оларға таңдау,сатып алу,ақша санау,қиын емес тағамдарды дайындау құқығын беру керек;Екі жастағы балаға пластикалық ыдысты жуысуға,жемістер мен асханалық қасықтарды сөрелерге жинастыруға әбден болады. Әрине,сіз мұны тезірек істейсіз.Бірақ, бар мәселе осында ма?Егер балалардың көмегінсіз істі тындырсаңыз,сіз олардың қажеттілік пен күштілік сезімдерін жоясыз.
4.Сіздің сөздеріңіз бен істеріңіз неге әкеліп соғатынын ұмытпаңыз. Өзіңізден «Мен кіріспесем не болар еді?»деп сұрап отырыңыз. Егер қажет болмаған жағдайда біз кірісіп кетсек, балаларды өзінің әрекетінің салдарын көру мен қателіктері негізінде үйренуден шеттетеміз.Сөйтіп,нағыз өмірді ұрысып ақыл үйретумен және қорқытумен алмастырамыз.Егер балаңыз өзімен бірге таңғы асын алуды ұмытып кетсе,оны күнделікті сөмкесіне салып отыруды қойыңыз.Оған оны ұмыттырып,қарны ашқан кезде таңертеңгі асын өзі салып отыруға үйретіңіз.
5.Сіздің барлық ережелеріңіз бен талаптарыңыз қисынды және балаға түсінікті болу керек.Ол үшін,келесі жолы ол киноны фильмотекаға тапсыруды ұмытып кеткен кезде,оған ұрысуға асықпаңыз-ол ренжіп қалады,және сабағыңыз далаға кетеді.Ол бұл мәселені өзі ойлап,қарызға ақшаны қайдан табуға болатынын шешсін.Салдары бала үшін өзінің тәртібімен қисынды түрде байланысқан болуы керек.Тек қана өзінің қарызын қайтарған кезде сіздің әрекетіңіздегі қисынды байқайды.
6.Қақтығыстардан қашқақтаңыз. Егер балаңыз сізді айқаулаумен,ренжумен,ашушаңдықпен тексерсе немесе сізбен дұрыс сөйлеспесе,кетіп қалып, көрші бөлмеде тосатындығыңызды айтқаныңыз абзал.Егер сіз ренжіп,ашулансаңыз-жеңілгендігіңіз.
7.Кінә мен кінәліні бір жерге тоғыстырмаңыз.Бала бір жаман нәрсе істесе,ол жамандығы емес,ол не істесе де оны жақсы көретінін сезіну керек.Өзіңіздің талаптарыңыздың дұрыстығына күмәндансаңыз, «Бұдан балаңыз өзіне-өзі сенімдірек бола ма?» деген өзіңізге тура сұрақ қойыңыз.
8.Бір мезгілде мейірімді және қатал да бола біліңіз. Мысалы,сіз қызыңызға бес минут киіну қажеттілігін айттыңыз,әйтпесе машинаға түнгі көйлегімен отырғызатындығын ескертесіз.Белгіленген уақыт өткен соң оны машинаға ақырын апарып отырғызуға әбден құқыңыз бар.Тіпті сендірейін:келесі жолы таңертең киіндіру проблемасы болмайды.Бірақ бұл кезде сіз әділетті және мейірімді бола білуіңіз керек.
9.Мәңгілік туралы әрқашан есте сақтау керек,сөзіміздің қазір ғана,емес балаларымыз өздерінің немерелерін тәрбиелеген кезінде де алдынан шығатынын ұмытпайық. Осы ойларды қорыта келе егер де келешекте бұл ісіміз баламыз бен немеремізге пайда әкелсе қиын және ауыр проблемаларға кезек беріп, проблемаларды тез және қарапайымшешуден бас тартамыз.Егер біз баланы ұра алатын болсақ,онда бір минут ішінде проблеманы шешуге тырысып басқа адамнан бір нәрсені талап ету кезіндегі агрессивті әркеттерге үйретеміз.
10.Бірізді болыңыз.
Егер дүкеннен кәмпиттер алмаймын десеңіз, еркелігіне, қорқытуына,көз жасына қарамастан,балаға қанша жаныңыз ашып,аяушылық танытсаңыз да, сөзіңізде тұрыңыз. Бала сіздің өз сөзіңізде тұра алатыныңызды көріп, тіптіде сыйлайтын болады.