Мектеп-лицейіміздің 7″«Ә»,«Б»,«Д»,«И» және 8″«Д»,«И» класс оқушылары тыл еңбеккерлері Жумашев Сангали, Жанетова Рабиға, Нургалиева Дара, Мунарбаева Каля Курмангалиевнаны 9мамыр-Жеңіс күнімен құттықтап, өз өнерлерімен қуантты.Оқушылар қарттардың қазыналы әңгімелерін, өсиеттерін тыңдап, өткенінен сыр шерткен ардагерлердің өмір жолы, бастан кешкен оқиғаларымен танысты.Ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жалғау жолында белсенділік танытқан оқушыларға ардагерлеріміз ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді. Ардагерлерінің ерлігін қадірлеуге, рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған шараға оқушылар белсене қатысты.
Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
9 мамыр-Жеңіс күнімен құттықтап!