2024 жылдың 1 сәуір күні 9 - класс оқушыларымен
«Ерте жүктіліктің ертеңі қандай» атты кездесу өтті. Мақсаты: жас жеткеншектер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу.
Кездесу барысында №4 қалалық емхана Жаңақоныс амбулаториясының акушер-гинекологы Жұбатова Фариза Идаятовна жасөспірімдер арасындағы жұқпалы аурулардың алдын-алу, ерте жастағы жүктілік пен жеке гигиенаны сақтаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар мектеп психологы А.Өмірзақова қыз балаларға «Ерте жастағы жүктіліктің алдын-алу» тақырыбында дәріс оқыды. Қыз балаларға арналған арнайы кеңестер ұсынды.Кездесу өзекті әрі маңызды мәселелерге арқау болды.Әйелдер қауымының денсаулығы — бұл біздің ұлтымыздың болашағы. Жас ұрпақтың болашағы үшін осындай тақырыптағы іс-шараларды белсенді түрде жиі өткізіп, жастар арасында насихаттауымыз қажет екені айтылды. Дәріс соңында қыз балалар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/989-erte-zh-ktilikti-erte-i-andaj-atty-kezdesu-tti.html#sigFreeId267fae8219