"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

«Жас инспектор»

2024жылдың 5 наурыз күні жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерінің түрлері және оның қажет екендігі, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметтерінің қандай екенін үйрету мақсатында «Жас инспектор» клубының жетекшісі Е.Адильбаев «Жол-көлік ережелері» тақырыбында ақпараттық-түсіндірме жұмысын өткізді.

Клуб жетекшісі оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтырып, іс-жүзінде асыра білуге үйретті.

Оқушыларды жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігі түсіндірілді. Оқушылар жол ережесін сақтауға байланысты сұрақтар қойып, өз ойларын білдірді.