2024 жылдың 26 ақпан күні Ақтөбе қаласы полиция басқармасы Астана ауданы №1қалалық полиция бөлімі кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Абибуллаева Гүлнұр Абибуллақызы жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу мақсатында 5-7 класс оқушылары арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Дәріс барысында құқық бұзушылық, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мақсатында дәріс өткізілді.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде (сағат 22.00-ден кейін) және тұрғын үйлерден тыс жерде (сағат 20.00-ден кейін) жүрулеріне тыйым салынуы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.