2023 жылдың 20 қазан күні Республика күні қарсаңында "Жас ұлан" бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен оқушыларды қазақтың ұлттық ою-өрнек өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру, төл мәдениетін қастерлеуге баулу және олардың ұшқыр ой, әсемдік талғам, белсенді біліктілік, шеберліктерін дамыту мақсатында "Оюмен түстік жарысқа" тақырыбында шебер класс өткізілді.