2023 жылдың 20 қазаны күні Респулика күні қарсаңында мектепшілік жоспарға сәйкес «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының ұйымдастыруымен 8 класс оқушылары арасында "Ұлттық киім –ұрпаққа мұра" тақырыбында танымдық сағат өткізілді.
Мақсаты: қазақ халқының салт - дәстүрін, мәдениетін және ұлттық киімдердің мәні мен мағынасын, үйлесімділігін айта отырып, оқушылардың ұлттық сана сезімін ояту болып табылады. Аталған шараның шымылдығын мектеп- лицейіміздегі белсенді оқушыларымыздың әжелері шашу шашу дәстүрімен ашты.
Шара барысында Ақтөбе сервис колледжінің студенттері заманауи үлгідегі ұлттық киімдерді насихаттау мақсатында сән үлгісін көрсетті. Аталған шараның ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуде маңызы зор.
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/959-2023-zhyldy-20-azany-k-ni-respulika-k-ni-arsa-ynda-mektepshilik-zhospar-a-s-jkes-zhas-lan-biry-aj-balalar-men-zhas-spirimder-jymyny-jymdastyruymen-8-klass-o-ushylary-arasynda-ltty-kiim-rpa-a-m-ra-ta-yrybynda-tanymdy-sa-at-tkizildi.html#sigFreeIde00098d1f6