Новый орта мектеп- лицейінде "Сәт сапар,жас түлек-2021" атты мектеп бітіруші түлектерге арналған салтанатты жиын санитарлық нормаларды сақтай отырып, мектеп ауласында ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға облыстық білім басқармасының басшысы Батырхан Жолдас Нұрланұлы, қалалық білім бөлімінің басшысы Қосымбаева Метгуль Ораққызы және мектеп- лицей қамқоршылық кеңесінің мүшесі Аймағамбетов Еділ Қонайұлы қатысты. Облыстық білім басқармасының басшысы Батырхан Жолдас Нұрланұлы жас түлектерге сәт сапар тілеп, жылы лебізін арнады.