2021 жылдың 29 сәуір күні республикадағы 30 жетекші мектептің кітапханашылары «Білім берудегі мектеп кітапханасы: білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы өзара әрекет жасаудың жаңа аспектілері» тақырыбындағы онлайн семинарда бас қосты.Үздік жетекші мектептер қатарына кіретін мектебіміз де өз жұмысын көрсетті. Семинарда Новый орта мектеп-лицей кітапханашысы М.Досмаганбетова жұмыс әдістемесімен, жаңа өзара әрекет ету жолдарымен және «Оқуға құштар мектеп» жобасын жүзеге асырудағы іс-тәжірбиесімен бөлісті.