Іс-шараға 9-11 класс оқушылары мен мектеп мұғалімдері қатысты. Шара түрлі форматтарда ұйымдастырылып, жастардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері түсіндірілді. Шаралар барысында еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаты туралы бейнеролик көрсетіліп, постер қорғалып, жадынамалар таратылды.