2021 жылдың 18 ақпан күні Ақтөбе қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жоспарына сай Новый орта мектеп-лицейінің биология пәні мұғалімі С.Жангабылованың жетекшілігімен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда жобалық тапсырмалардың маңызы» тақырыбындағы шебер класының кезекті отырысы ZOOM платформасы арқылы өтті. Аталған педагогикалық шеберханаға «Әдістемелік кабинет» КММ әдіскері А.Садықова және қала мектептерінен мүше болған биология пәні мұғалімдері қатысты. С.Жангабылова өзіндік жұмысты орындау барысында оқушыларға табысқа жетуге мүмкіндік беретін жоба жұмысын ойластыру және ұйымдастыру жолдарын көрсетті. География-биология пәнінің мұғалімі Г.Татаманова «Жаңартылған білім мазмұны- жаңашылдыққа бастама» тақырыбында биология сабағында ZipGrade, Quizlet қосымшаларының офлайн және онлайн форматта білім беруде қолдану іс-тәжірибесімен бөлісті. Биология пәнінің мұғалімі А.Құлдықова «Биология сабағында оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін қолдану» тақырыбында онлайн оқыту кезіндегі оқытудың белсенді әдістерін Quizlet, Quizziz, Jamboard, Olabs.edu.in қосымшалары арқылы жүзеге асыру жолдарын көрсетті. Педагогикалық шеберхана мүшелері Quizziz қосымшасы арқылы берілген тапсырмаларды орындап, ұсынылған әдістер бойынша өз ойларын ортаға салды.
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/789-biologiya-saba-ynda-o-ytudy-belsendi-t-rleri-men-disterin-oldanu.html#sigFreeId775953a5dd