2020 жылдың 7 қазан күні шығармашылық академиясында «Өрлеу» БАҰО АҚ Ақтөбе филиалы өткізген педагогтарды марапаттаудың «Ұлағатты ұстазға – ыстық ықыласпен!» атты салтанатты рәсімінде Новый орта мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі Д.М.Қыстаубаеваны «Өрлеу» БАҰО» Басқарма төрағасы Г.К.Ахметованың Құрмет грамотасымен марапаттады. Қашықтан оқыту мәселесі бойынша білім саласындағы жаңа бастамаларды қолдап, жаңа форматтағы заманауи бейне сабақтар дайындап, оларды республика көлемінде таратуға зор үлес қосқаны үшін марапатталған әріптесіміз Дамежан Мырзағалиқызын марапатымен құттықтап, биік белестерден көріне беруін тілейміз!