"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

2020 жылдың 17 қазан күні Новый орта мектеп-лицейінде «Жас қанат» жас мамандар мектебінің кезекті сабағы өтті.

2020 жылдың 17 қазан күні Новый орта мектеп-лицейінде «Жас қанат» жас мамандар мектебінің кезекті сабағы өтті. Сабақ жоспарына сай тәжірибелі мұғалім Н.Мунайтбасова «Жобалық жұмыстың әлеуметтік маңыздылығы» тақырыбында семинар тренинг өткізіп, жас мамандарға оқушылардың жобалық жұмыстарын ұйымдастыруға бағыт-бағдар берді. Сабақтың екінші жартысында директордың ТІЖ орынбасары М.Конисбаева «Тәрбие жұмысының бағыттары» тақырыбында тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру жолдарын түсіндірді. Жас мамандардың «Мен кандай мұғаліммін?» деген сұраққа жауаптарын білу үшін Swot стратегиясын қолданып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Сабақты директордың ОТІЖ орынбасары А.Омарова оқу-жоспарлау құжаттарын жүргізілуі бойынша кеңестер берумен аяқтады.