Биылғы 2019-2020 оқу жылы барысында Новый орта мектеп-лицейінде Ақтөбе облысы бойынша "100 кітапты оқу" жобасы аясында және көркем шығарманы оқуға қоғамның назарын аудару, оқу мәдениетін дамыту және кітап оқу арқылы келешек ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарымызды сіңіру, жеке тұлға қалыптастыру мақсатында мектеп кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Б.Кунирбаева мен мектеп кітапханашысы М.Досмағамбетова 8 класс оқушыларымен бірге аты аңызға айналған қазақ халқының батыры Б.Момышұлының "Ұшқан ұя" повесіне арналған, "Қазақтың қарапайым бір ұлымын, жанымды арым үшін құрбан еткен" атты оқырмандар конференциясын өткізді. Жас оқырмандарымызға кейіпкеріміздің шығармасын оқып қан қоймай, батыр туралы кеңінен танып білуді, елін, жерін сүйетін өз отанының патриоты болуға тәрбиелейтіндігі туралы кеңінен талқылап, конференция соңын дарынды оқушыларымыздың "Адай" күйімен өрнектеді.
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/619-a-t-be-oblysy-bojynsha-100-kitapty-o-u-zhobasy.html#sigFreeId35167bd49f