"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

"Математика пәнін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы

2020 жылдың 4 наурыз күні Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Новый орта мектеп-лицейінде "Математика пәнін оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері" тақырыбында дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Білім беру жүйесінен соңғы кездері батыл өзгерістер әлеуметтік белсенді, шығармашылығы мол, еркін дамыған, жаңалықты өз бетімен іздеп, оған баға бере алатын интербелсенді, бәсекеге қабілетті оқушы тәрбиелеп шығару. Мұғалімдердің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа инновациялық технологияларды меңгеру. Дөңгелек үстел отырысына қала мектептерінен математика пәні мұғалімдері қатысты. Дөңгелек үстел отырысы аясында оқытудың белсенді әдістері мен инновациялық технологиялардың түрлері қолданылды.