2020 жылдың 28 қаңтар күні Қалалық білім бөлімінің жоспарына сәйкес Новый орта мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі Мамырова Ғалияның "Жаңартылған білім мазмұны бойынша тарих пәнін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану" тақырыбында педагогикалық шебер класс отырысы болып өтті.
Шебер класс мақсаты: Жоғары технологиялы, бәсекеге қабілетті, әлемнің жылдам өзгермелі жағдайында өмірге дайын, азаматтық ұстанымы бар, өз көзқарасын дәлелдеп, қорғай алатын белсенді азаматты тәрбиелеп шығару мүмкіндігін қамтамасыз ету болды.
Шебер класс отырысына қала мектептерінен тарих пәні мұғалімдері қатысты. Шебер класс отырысы аясында оқытудың белсенді әдістері қолданылды.