2020 жылдың 06 ақпан күні Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Л.Алабаева мектеп асханасының жұмысын бақылап, тегін ыстық тамақтанатын оқушылардың тамақтануын қадағалап, жаңа ас мәзірімен танысты. #қамқоршылық_кеңесі@obrazovanie_gorod_aktobe
Адамзат денсаулығын сақтаудың басты шарты - дұрыс тамақтану. Сондықтан тамақтануға ерекше көңіл бөлген жөн. Тамақтың құрамының құндылығы басты назарда болғаны дұрыс.Тиімді, дұрыс тамақтану денсаулықты сақтауға, организмнің қалыпты өсуі мен дамуына, жұмыс қабілетінің жоғарылауына және организмнің қоршаған ортаның әртүрлі жағымсыз әсеріне қарсылығын күшейтуге ықпалын тигізеді. Әсіресе, «Ұрпақ денсаулығы-ұлттың саулығы»- демекші, дені сау ұрпақ қалыптастыру үшін-оны назардан тыс қалдыруға болмайды. Дұрыс тамақтану - әр адамның өз қолында. #класс_сағат_дұрыс_тамақтану