"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Ана ол сізді жарық дүниеге әкелген асыл жан

Өмірге шыр етіп түскеннен-ақ саған ең жақын жан атанады. Алғашқы сөзің де Ана болады.

Ана сенің өміріңнің мәні. Үйдің іші анасыз бос кеңістік қана болып қалады. Ақылын айтып, бар білгенімен бөліседі. Сырлас досың, жанашыр анаң, ақылшы адамың да болады. Қазақ халқының ежелден бері Анаға деген құрметі, махаббаты өшкен емес. «Жұмақтың кілті ананың табанының астында» деп бекер айтылмаса керек. «Ана» деген үш әріптің ішіне әлемнің бар жақсылығын сиғызсақ болады. Ана деген ұлы тұлғаға осы үшін де үлкен көңіл аударылған Ақтөбе қаласында - ананы құрметтеп, қаланың көркін ашатын, аналардың мәртебесін көтеретін, жас ұрпаққа өнеге беретін «АНАҒА ТАҒЗЫМ» ғимараты бүгінде сол нағыз қазақ қызына тән қасиеттерге баулитын іс-шараларды жүргізіп келеді. Новый орта мектеп-лицейінің оқушылары «Анаға тағзым» орталығына барып, Ананы ұлықтау, ұлттың болашағын тәрбиелеуге арналған игі шараға қатысып, өз өнерлерін ораға салып "Анаға тағзым" рухани- адамгершілік кешені атынан Алғыс хатын алып келді.