"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

2020 жылдың 15 қаңтар күні Новый орта мектеп-лицейінде білім алатын оқушылардың ата-аналарымен жиналыс болып өтті

«Бүгінгі жаңашыл ата-ана мен талапшыл ұстаз-бала тәрбиесіндегі басты тұлға» тақырыбы бойынша жиналыс өткізілді.

Жиналыстың ерекшелігі ата-аналар мен класс жетекшілер бірлескен жұмыстар жүргізіп, ата-аналар жиналысын ұйымдастырды. «Жүректен жүрекке» тренингімен басталып, ата-аналар бір-біріне деген тілектерін айттып, жиналысты ашты. Жиналыс барысында ата-аналар ситуациялық сұрақтарға жауап беріп, оқушы, ұстаз, ата-ана міндеттеріне тоқталып, балаларын қаншалықты танитындарына байланысты сауалнамаларға жауап берді. Жиналыс диалог форматында өтті. Ата-аналар бір-біріне сұрақтар қойып, жауаптарын тыңдап, өзара кеңестер алды. #НОВЫЙОМЛ_АТА_АНАЛАР_ЖИНАЛЫСЫ