Новый орта мектеп-лицейінде "Жас қанат" жас ұстаздар мектебінің кезекті отырысы өтті.
"Жас қанат" жас ұстаздар мектебінің жетекшісі Г.Абдуалиева жас мамандарға жаңа технологиямен сабақ өткізу шеберліктері, мұғалім портфолиосы жайында түсіндірді. "Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттері: бағыттары және қалыптастыру жолдары" тақырыбында жас ұстаздар мен тәлімгерлері арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Мұғалімнің көшбасшылық қасиеттері және қалыптастыру жолдары жайлы мәселелер қозғалып, жас мамандар арасында ой бөлісу жүзеге асты.Осы тақырыптағы ойларымен тәлімгер мұғалім А.Максутова қорытындылап, жас мамандарға ақыл-кеңесін берді.