Ақтөбе қаласы «Астана» ауданы әкімінің жаңа жылдық шыршасына мектеп-лицейімізден 3 бала қатысып, қуанышқа кенелді. «Астана» ауданы әкімінің сыйлығын алған балалар өз өнерлерін көрсетті. Балалар ғажайыптар әлеміне еніп, сиқырлы патшалықта өмір кешетін сүйікті ертегілері ме мультфильмдерінің кейіпкерлерімен кездесті. Орман аюы, қасқыр мен түлкі, ақ қояндар, ақшақарлар, сайқымазақтар балаларға әсерлі көңіл-күй сыйлады.