"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

«Біз - еліміздің жарқын болашағымыз!» атты жаңа жылдық Президент шыршасына мектеп-лицейімізден 2 оқушы қатысып, қуанышқа кенелді

«Жекпе-жек» сарайында өткен «Біз - еліміздің жарқын болашағымыз!» атты жаңа жылдық Президент шыршасына мектеп-лицейімізден 2 оқушы қатысып, қуанышқа кенелді. Облыс әкімімен естелік суретке түсіп, ақ тілегін тыңдап, жаңа жылдық сыйлықтарын алды. Жаңа жылдық шыршаға қатысқан әр балаға велосипед, жылы спорттық киім (комбинезон, куртка, шапка), спорттық форма, жұмсақ ойыншық, наушник, тәтті сыйлықтары сыйланды. Іс-шарадан кейін, оқушылар үшін мерекелік түскі ас ұйымдастырылды. Ыстық ықылас, жылы пейіл, көл-көсір қуанышқа толы жаңа жылдық шырша барша балақайға ерекше шаттық сыйлады.