Новый орта мектеп-лицейінің олимпиада, жобалық жарыстарда мектебіміздің үмітін ақтап, биік белестерден сүрінбей өтіп, жүлделі орындарға ие болып жүрген дарынды оқушыларымыз «Жекпе-жек» сарайында өткен «Біз - еліміздің жарқын болашағымыз!» атты облыс әкімінің жаңа жылдық шыршасына қатысып, қуанышқа кенелді. Облыс әкімімен естелік суретке түсіп, ақ тілегін тыңдап, жаңа жылдық сыйлықтарын алды. Ыстық ықылас, жылы пейіл, көл-көсір қуанышқа толы жаңа жылдық шыршасы барша балаларға ерекше шаттық сыйлады. @obrazovanie_gorod_aktobe @bilim_akimat @aqtobe_akimat