Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесі қарсанында жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиадасының ll қалалық кезеңінде Новый орта мектеп-лицейінің оқушылары жеңімпаз атанды.
Олимпиада оқушылардың пән бойынша білімдерін тереңдету және жетілдіру, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында өткізілді. 2019 жылдың 13 желтоқсан күні ғылым негіздері бойынша Республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің салтанатты жабылу рәсімі болды. 1, 2, 3 орын алған оқушылар республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне жолдама алды. Құттықтаймыз! Оқушыларымызға облыстық олимпиадаға сәттілік тілейміз!