1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ақтөбе қаласы "Новый орта мектеп-лицейі" КММ білім алушылардың бойында Ұлт көшбасшысының Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу мен ...
дамуындағы рөлі туралы түсінікті, қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру мақсатында "Қазіргі заманғы Қазақстан Елбасының Көшбасшылық сабақтары" тақырыбында жалпы республикалық ашық сабақ ұйымдастырды. Кеш қонағы болып Ақтөбе қаласы "Астана" ауданының әкімі Б.Тілегенов және ардагер ұстаз Е.Көшет қатысып, оқушыларға Тұңғыш Президенттің экономикалық, саяси және әлеуметтік реформаларды жүзеге асырудағы ерен еңбегі, Қазақ елінің әлемге танымал мемлекет болып танылуына сіңірген ұшан-теңіз үлесі туралы айтып, оқушыларды құттықтады. Сонымен қатар, кеш барысында Н.Мұңайтбасова Тұңғыш Президентіміздің өмір жолына байланысты бейнероликтер көрсетіліп, келген қонақтарымызбен және оқушылармен сұхбаттар жүргізілді.
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/506-1-zhelto-san-t-ysh-prezident-k-ni-arsa-ynda-ashy-saba-jymdastyrdy.html#sigFreeIdd41904b755