Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен «Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының Ақтөбе облыстық ұйымы» мен «Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестіктерінің бірлесуімен ағымдағы жылдың 19 қарашасында «Үздік бастауыш класс мұғалімі-2019» облыстық байқауы өткізілді. Байқауға «Новый орта мектеп-лицейі» КММ-нің бастауыш класс мұғалімі Сармантаева Айнур Бердибековна қатысып, «Менің-шығармашыл ұстазым» бейнетүсірілім арқылы өзінің жан-жақты шығармашылық тұрғыда таныстырылымын жасап, «Ең үздік сабақ үлгісі» бөлімінде жаңартылған бағдарлама негізінде өз сабағын көрсетіп. Ұстаздардың педагогикалық әрекетті шебер ұйымдастыруы мен түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып, III дәрежелі дипломды жеңіп алды. Сонымен қатар, «Жаңашыл ұстаз» номинациясын иеленді. АЙНУР БЕРДИБЕКОВНАНЫ ЖЕҢІСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!