Жұмыс сапарының негізгі мақсаты - Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауының басым бағыттарын түсіндіру. Үкімет мүшелерінің жұмыс сапары Ақтөбе қаласындағы «Новый орта мектеп-лицейі» КММ-де жалғасын тауып, білім ордасында педагогтар қауымдастығымен және білім беру саласының қызметкерлерімен Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетов пен Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Уразбаева Ләззат Аманжолқызы кездесу өткізді. Кездесу барысында мектеп-лицейінің үздік 12 жобасымен таныстырып, жүргізіліп жатқан іс-шаралардың жұмыстарын келген қонақтарға көрсетті. Сонымен қатар «Жасыл мектеп», «Адалдық дүкені», «Ұлттық қолөнер-ұлт қазынасы», «Қайрымдылық керуені», «Сиқырлы әлем», «Үздік класс», «Өміріңді кітаппен көркемде», «Робототехника» жобалары жайлы жоба оқушылары өздерінің жұмыстарының маңыздылығы туралы айтып өтті.
.