"Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейі" КММ
0

Ақтөбе қаласы Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің ресми сайтына қош келдіңіздер!

 

 

Замануи мектепті басқарудағы білім беру мекемесінің даму стратегиясы

Республикалық оқу-әдістемелік кеңес аясында еліміздің әр өңірінен келген қонақтар мен Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Жылбаев Жанбол Октябрұлын және Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Оразбаева Лаззат Аманжолқызын Новый орта мектеп-лицейі ұстаздар мен оқушылар шашу шашып, күй тартып аса құрметпен күтіп алды. «Замануи мектепті басқарудағы білім беру мекемесінің даму стратегиясы» тақырыбында қазіргі мектепті басқарудың тиімді жолдары және жетістікке жету критерийлері туралы мектеп-лицейінің директоры Акгул Мырзабековна келген қонақтарға өз жұмысын көрсетіп, ойын ортаға салды. 


Сонымен бірге, мектеп-лицейінің үздік 6 жобасымен таныстырып, әр жобаның мақсаты мен күтілетін нәтежиесі және жүргізіліп жатқан іс-шаралардың жұмыстарын жоба жетекшілері мен оқушылар келген қонақтарға көрсетті. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті мен мектебіміздің арасындағы ынтымақтастық меморандум аясындағы «Талантты ұстаздан дарынды оқушыға» жобасының маңыздылығын, ұстаздардың кәсіби өсуіне тигізетін ықпалы туралы Үздіксіз білім беру институтының директоры Ташкенова Гүлбану Ақылбековна зерделеді. Сондай-ақ «Жасыл мектеп», «Ұлттық қолөнер-ұлт қазынасы», «Қайрымдылық керуені», «Сиқырлы әлем», «Үздік класс», «Өміріңді кітаппен көркемде» жобалары жайлы жоба жетекшілері мен оқушылары өздерінің жұмыстарының маңыздылығы туралы айтып өтті. Өткізілген шара соңында оқушылар келген қонақтарға мектептің әсем безендірілген мәжіліс залымен таныстырып, өлеңді жаны сүйетін оқушылар ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнап «Мен Абайды оқимын» тақырыбындағы мерекелік құттықтауларын жолдап, ұстаздарға арнап өлеңдері мен сыйлықтарын тарту етті.

.