Новый орта мектеп-лицейімізге "АҚТӨБЕ" облыстық газетінің бас редакторы, ақын, журналист БАУЫРЖАН БАБАЖАНҰЛЫ қонақ болды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен "АРМАНЫМЕН ҚОНДЫРҒАН АЙҒА ӨЛЕҢІН" атты кездесу кешінде оқушылар ақынның жырын жатқа оқып, көкейіндегі сауалдарға жауап алды. Өзінің балалық шағы туралы естеліктерімен бөліскен ақын оқушылар оқитын әдеби кітаптарға да тізім жасай келе, әдебиет пен шәкірт жанына рухани үндестік берді. Кеш соңында мектеп-лицей ұжымы атынан жанынан балалығын жоғалтпаған ақынға бала кезінің суретші салған нұсқасы сыйға тартылды. @obrazovanie_gorod_aktobe@astana_audany_akimdigi@aqtobe_akimat @mavr.abdullin@aktobegazeti
https://satbaev-licei.edu.kz/novosti-kz/482-armanymen-ondyr-an-aj-a-le-in-atty-kezdesu-keshi.html#sigFreeId23b616fe7d