Балаларға қосымша білім беру - білім алушылардың білім алу қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үрдісі, үздіксіз білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі.
Жас буынға қосымша білім беру жүйесі салауатты өмір салтын қалыптастыру, жеке тұлғаны өздігінен дамыту, шығармашыл, дарынды балаларды анықтау, оларға қолдау көрсету және қабілеттіліктерін дамыту, өскелең ұрпақ тәрбиесіне және олардың дарындылығын дамытуға, балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Тәрбие процесін ұйымдастыруда үйірме және қосымша сабақтар жұмыстарының алатын орны ерекше. Оқушылардың уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру мақсатында Новый орта мектеп-лицейінде оқушыларға арналған ақысыз үйірме, қосымша сабақтары басталып кетті.
.