21.09.2019 күні өткір тілді, дархан пейілді қазақ елінің тілдері күні мерекесіне орай «Мәңгілік Ел - мәңгілік тіл» тақырыбында «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын насихаттау бағытында жоспарланған тілдер апталығы мектеп-лицейімізде өтуде.
Мақсаты: оқушылардың тілге деген құрметін, қадір қасиетін дамыта отырып, ана тіліміздің мәңгілік елімізбен бірге «мәңгілік тіл» болатынын ұқтыру, білім алуға ынталандыру, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Жоспар бойынша іс-шаралардың ашылу салтанаты болып, 1-4 класс оқушыларына орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Л.Сукашева мен Г.Кенжалина «Под единым шаныраком» тақырыбында сыныптан тыс шара ұйымдастырды. Шараға мектеп-лицейі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Кенжегалиева мен директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ғ.Абдуалиева қатысты. Жоспар бойынша өткен шаралар жоғары деңгейде өтіп, оқушылардың апталыққа қатысу белсенділігі өте жақсы болды.
.