«Новый орта мектеп-лицейі» КММ-де Ақтөбе облысының ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Әліпбеков Талғат Серікұлы мен осы басқарманың жедел уәкілі Ахметов Дархан Сағындықұлы келіп "Терроризм актісі орын алған жағдайда жүріс-тұрыс пен іс-қимыл" тақырыбында мектеп ұстаздары мен мен кіші қызметкерлеріне кездесу ұйымдастырып, ақпараттық түсінік жұмыстарын жүргізді.